01
қыркүйек
2020
"Бірлік. Отаншылдық. Тәрбие"атты сынып сағаты
Пушкин атындағы #41 гимназиясында 1 қыркүйек "Білім күні" мерекесіне орай ұйымдастырылған ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өткізілген "Бірлік. Отаншылдық. Тәрбие"атты сынып сағаты өтілді. Онлайн сынып сағатын тамашалауға гимназия директоры Туребекова Жамиля Мавлетқызы және гимназия қонағы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жүнісбеков Бақытжан Маратұлы қатысып, 5 ші сынып оқушыларына жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Онлайн сынып сағаты барысында атаулы даталарға тоқталып, атап айтар болсақ ҚР Конституциясына-25жыл, Ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабиге 1150жыл, Ағартушы, композитр, ойшыл Абай Құнанбайұлына 175жыл мерейтойларына байланысты жеке тоқталып, оқушылар мол ақпаратпен бөлісіп, сынып сағаты жоғары деңгейде өткізілді.