18
ақпан
2020
А.Пушкин атындағы 41 көпсалалы гимназияcы
А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназия қабырғасында 14 ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай "Бірлігі жарасқан Қазақстан" тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың "достық", "бірлік", "халық" құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, ынтымақтыққа, достыққа өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар түрлі ұлттың өлеңдерін жатқа айтып айтып, мәдениеті мен дәстүрімен жақынырақ танысты. Тәрбие сағаттары "Бірлігі мен тірлігі жарасқан елміз, осы қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру біздің парызымыз!" атты ұранымен өз мәресіне жетті.















