Республикада алғаш рет жоғары сынып оқушылары арасында «Қазтест» байқау сынағы өткізілді » Коммунальное государственное учреждение "Гимназия №41 имени А.С. Пушкина" отдела образования города Тараз Жамбылской области
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"А.С.Пушкина атыдағы №41 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(7262) 54-07-33
Қабылдау бөлімі
+7(7262) 54-07-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикада алғаш рет жоғары сынып оқушылары арасында «Қазтест» байқау сынағы өткізілді
15
наурыз
2018

Республикада алғаш рет жоғары сынып оқушылары арасында «Қазтест» байқау сынағы өткізілді



Байқау сынағына қатысушылар тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым бөліктері бойынша жабық түрдегі 150 тест тапсырмасын орындайды. Тест мазмұны мектеп оқушыларына бейімделген. 
Жалпы 13-14 наурыз күндері «Қазтест» байқау сынағына 344 оқушы қатысты. Оның ішінде, 109 қазақ, 235 өзге ұлт өкілі (23 татар, 8 неміс, 1 иран, 112 орыс, 24 өзбек, 6 украин, 34 кәріс, 2 грек, 5 дүнген, 5 әзірбайжан, 2 қырғыз, 2 поляк, 1 тәжік, 1 шешен, 1 башқұрт, 1 армян, 6 түрік, 1 балқар) бар.



Байқау тестілеуіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының өкілі қатысты.



Бұл байқау тестілеуі ағымдағы жылдың қазан айында өтетін «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуге дайындық ретінде ұйымдастырылды.