12
қыркүйек
2020
"Ұлттық ұлан қызметінің үздігі"
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Басқолбасшысының бұйрығы негізінде еліміздегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді нығайту ісіне Ұлттық ұланмен белсенді қарым-қатынас жасағаны, жеке құрамды тәрбиелеуге қосқан үлесі және Қазақстан Республикасының Конституциясы мерекесіне орай А. Пушкин атындағы #41 көпсалалы гимназиясының алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушы-оқытушы запастағы майор Лим Юлиан Николаевич ІІ дәрежелі "Ұлттық ұлан қызметінің үздігі" төсбелгісімен марапатталды. Марапаттау рәсіміне гимназия директоры Туребекова Ж.М., Тараз қаласының соғыс және Қарулы Күштер ардагерлермен әскери патриоттық ісі жөніндегі бөлім басшысы майор Исенбаев М.А., Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Мухамбетов С.М. қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Отанға адал қызмет ету, оның мүдделері мен қауіпсіздігін қорғау және жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді оятуға үлес қосу әрбір Қазақстандықтың парызы.
Отанға қызмет ету, ұлтжандылық- сүйекпен бірге сіңетін, қанмен бірге берілетін сезім.








Отанға қызмет ету, ұлтжандылық- сүйекпен бірге сіңетін, қанмен бірге берілетін сезім.








