27
ақпан
2020
А.Пушкин атындағы 41 көпсалалы гимназияcы
Абай атындағы Орталық кітапхана қабырғасында А.Пушкин атындағы№41 көп салалы гимназия оқушыларымен бірлескен "Халықтар достығы-татулық пен бірліктің кепілі" атты достық кеші ұйымдастырылды. Биыл бірегей институт -Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толуына орай, елімізде әртүрлі іс-шаралар өтілуде. Қазақстан- полиэтникалық мемлекет. Тәуелсіздік алғаннан бері біздің көп ұлтты халқымыз бейбітшілік пен өзара түсіністікте өмір сүріп, мемлекетіміздің өркендеуіне белсенді атсалысып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық этностарын біріктіреді. Іс-шара барысында жаңа кітаптардың тұсауы кесіліп, Ассамблеяның құрылу тарихына тоқталып, "Радонеж" орыс общинасының жылы лебіздерін тыңдап және оқушылар түрлі ұлттың өлеңдерін жатқа айтып, мәдениеті мен дәстүрімен жақынырақ таныстырылды. Достық кеші "Қазақстан -бірлігі бекем, тағдыры ортақ-Мәңгілік ел" атты ұранымен өз мәресіне жетті.

















