«Adal bala» заңды ұстан!» Құқықтық викторина
«Құқықтық қоғам – саналы ұрпақ» айлығы аясында тарих пәнінің мұғалімі Иванов А.Д. «Adal bala – заңды ұстан!» тақырыбында құқықтық викторина өткізді. Іс-шара барысында оқушылар құқықтық білімдерін көрсетіп, заң нормалары мен азаматтық жауапкершілікке қатысты сұрақтарға жауап берді. Викторина оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.