«Жасөспірім және заң» сыныптан тыс іс-шарасы
«Құқықтық қоғам – саналы ұрпақ» айлығы аясында тарих пәнінің мұғалімі Найденова Л.М. 10 «Ю» сынып оқушыларымен «Жасөспірім және заң» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Кездесу барысында оқушылардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау және құқықтық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды.