15
декабрь
2021
"Дәстүр мен ғұрып"
Гимназияда жүзеге асырылып жатқан "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында "Асыл мұра" үйірмесінің білім алушылары қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі тұсау кесу дәстүрі туралы мәлімет алды. "Тұсаукесер"- сәби бесіктен шығып еңбектеуден өткен соң,қаз тұрып тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр.Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ "баламыз тез жүріп кетсін"деген ниетпен сәбидің тұсауын кестіріп ,думандатып той жасайды.
