29
март
2021
#Марттойы-мерекем, салт-дәстүрім-берекем
#Марттойы-мерекем, салт-дәстүрім-берекем
#мерекелікбағдарлама
#А.Пушкин атындағы #41 көпсалалы гимназия
#Мартшашу
Мереке қарсаңында 8 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен салт-дәстүрімізді жаңғырту мақсатында "Март тойы-мерекем, салт-дәстүрім-берекем" атты мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында 8 сынып жетекшілері мен білім алушыларының қатысуымен "Тұсаукесер" дәстүрінің жөн-жоралғысымен таныстырыла отырып "Тұсау кесу" рәсімі өткізілді.
Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.
Ырымшыл қазақ тұсауы кесілмеген бала сүріншек, болашақта жығылғыш болады деп пайымдайды. Ал тұсауы кесілген бала біреудің ала жібін аттамайтын адал, жолы ашық азамат болады деп санаған. Сондықтан, қаз тұрып, тәй-тәй басып келе жатқан баланың тұсауын кесу бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан ескі дәстүр. Тіпті, бұл күнге орай кішігім думанды той жасалады.
Ұйымдастырушы сынып жетекшілер: Мамбеткулова С.С., Тоғайбаева Қ.А., Сариева А.Б., Алтынбаева Н.Т., Бугаева Е.Ю.
@goroo.taraz