Құрметті ата-ана! » Коммунальное государственное учреждение "Гимназия №41 имени А.С. Пушкина" отдела образования города Тараз Жамбылской области
Коммунальное государственное учреждение
"Гимназия №41 имени А.С.Пушкина "
отдела образования города Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Директор :
+7(7262) 54-07-33
Қабылдау бөлімі
+7(7262) 54-07-16
Версия для
слабовидящих
20
июль
2020

Құрметті ата-ана!

Құрметті ата-ана!


         Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізіліп келеді. Аталған жұмыс карантиндік режимнің енгізілуіне байланысты ағымдағы жылдың март айынан бері қашықтықтан (онлайн) жүргізілуде. Онлайн режимінде бірнеше тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.Жүргізілген жұмыстарға қарамастан кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар тыйылмай отыр. 

         Жаз мезгілінде балалар ата-аналардың қарауында болғанның өзінде «Шөлдала» алқабында орын алған оқиғаның соңы қайғылы жағдаймен, «Жеңіс» саябағында орын алған оқиға баланың дене жарақатын алумен аяқталды.  

         Сондықтан каникул кезінде кәмелетке жасы толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу үшін балалар үнемі ата-аналардың қадағалауында болуы қажет екендігін назарларыңызға саламыз.