ҚР Президентінің Қазақстанхалқына Жолдауына пікір
Есімова Тамара Молдиярқызы,
А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназия,
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі
ҚР Президентінің Қазақстанхалқына Жолдауына пікір Мемлекет басшысы 2018 жылдың 5 октябрьында "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауын жариялады.Елбасы биылғы жыл басынан бергі екінші рет жасаған халыққа жолдауында тағы да елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын жақсарту туралы айтты. Өз сөзінде президент елде атқарылуы тиіс шаруаларға қатысты тапсырмалар берді. Қазақстан президентінің Ақордада екі сағатқа жуық сөйлеген сөзін жұма күні мемлекеттік телеарналар тікелей эфирде көрсетті. Бұл жолғы жолдауында Мемлекет басшысы білім саласы мен педагог мәртебесі төңірегіндеҚазақстанда келесі жылға дейін педагог мәртебесі туралы заң жобасын дайындауды тапсырды. Ол жергілікті биліктің «барлық жұмысты мұғалімдердің мойнына артып қоятынын» сынады. «Не болса соның бәрі мұғалімдерге жүктеледі. Сайлауды да мұғалімдер өткізеді, үгіт-насихат кампаниясын да мұғалімдер жүргізеді. Бұл үшін оларға ешнәрсе төлемейді. Олар жұмысын істеп, дайындалуы тиіс. Бұл аз болғандай, оларды тексереді», - дедіЕлбасы Н.Ә.Назарбаев.
ҚР Президенті бұған қоса елде кейбір аймақтарда мектеп жетіспей, оқушылар үш ауысымда оқып жатқанын сынап, бұл мәселені шешу үшін үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырды. «Ең төменгі жалақыны көбейту, мұғалімдерге, дәрігерлерге, азаматтық қызметшілерге қолдау көрсету - тұрғындар үшін нақты көмек»- деп Жолдауда жазылған.Елбасы Жолдауында назарға алу тиіс деп нақты негізгі міндеттерді айқын көрсетті.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк–экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады.Біз «Алты Алаштың басы қосылса, төр - ұстаздікі» деп ұстазын ұлықтаған, мұғалімінің мәртебесін асқақтатқан, кең даланың төскейінде тер төгіп, еңбектің нанын жеген, ұрпақтың қамын ойлаған халықпыз. Олай болса білім беру ұйымдарының жұмысын жүйелеу, оқыту жүйесін біріздендіру, білім беру жүйесін жандандыру әрқашан күн тәртібінен түспейтін мәселе екендігін Елбасымыз соңғы жолдауында да атап көрсетті.
Мен үшін Елбасының халыққа Жолдауы – біз жүзеге асыруға әзір нақты тапсырмалар. Біз, ұстаздар, оқу бағдарламаларын жаңаравгуст және алдыңғы қатарлы білімді, тәжірибені тарату орталығына айналамыз, біз жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына белсенді біріктіріп, цифрлық білім беру ресурстарын дамыта отырып, мәдениет, тіл білімін арттырамыз.
Алдағы уақыт татулығы тұрақты, халқы қуатты, ынтымағы ырысты – Қазақстан халқының ортақ мақсаттарға жетуге деген ұмтылысы зор жетістіктер сыйлайды деп сенемін.