14
маусым
2022
Мектеп жанындағы «Жұлдыз» лагері


Күн тәртібінде спорттық жарыс "Веселые старты". Кіші және орта буындағы 6 отряд жарысқа түсті. Бұл жарыстың мақсаты - балаларды жылдамдыққа, ептілікке, шапшаңдылыққа, икемділікке тәрбиелеу. Барлық отрядтар жақсы нәтиже көрсетіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Спорт - денсаулық кепілі. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шымыр, шыдамды болады. Ендеше, келер ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау - біздің міндетіміз.





