01
маусым
2022
Бүгін жазғы мектептің күнтізбелік жоспарына сәйкес 8 «В» сыныбында «Достық пен татулық – таптырмас бақыт» тақырыбында сабақ өтті.
Бүгін жазғы мектептің күнтізбелік жоспарына сәйкес 8 «В» сыныбында «Достық пен татулық – таптырмас бақыт» тақырыбында сабақ өтті.
Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасай отырып, бір-бірімен пікір алмасып, идеяларын ортаға салды. Балалар достық пен татулық туралы өз пікірлерін еркін білдірді, достық туралы мақал-мәтелдер айтып, олардың орыс тіліндегі баламасын тауып жарысты. Достық туралы ассоциативтік қатар құрып, логикалық-құрылымды сызба жасады.
Жаңа лексиканы меңгерту мақсатында «Бинго» ойыны қолданылды.
Болжамдық және бөлшектік сан есімдерді қайталау барысында түрлі карточкалар, тестілік тапсырмалар қолданылды.
1 маусым күні жазғы мектепте 8 «Б» сыныбында «Мамандық пен кәсіп түрлері» тақырыбында сабақ өтті. Сабақта еліміздегі қазіргі замандағы маңызды мамандықтар туралы мәлімет беріліп, мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы талданды.
Сабақ барысында топтық жұмыспен қатар диалогтік оқыту іске асырылды. Диалогтік оқыту оқушылар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді. Сыныпта үндемей отыратын оқушылардың да өздерін бірте-бірте ашуына септігін тигізеді.
«Сен таңдаған мамандығыңды ата-анаң ұнатпады» деген ситуативтік жағдай балалардың ерекше қызығушылығын туғызды. Оқушылар бұл жағдайдан шығудың түрлі жолдарын келтіріп, өз ойларын нақты фактілермен өмірмен байланыстырып дәлелдеді.
Түрлі ребустар, лотолар арқылы етістіктің бұйрық райы мен қалау райы қайталанды.


