15
желтоқсан
2021
"Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!"
Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас. Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда, бар әлемнің назары біздің елімізде. Қазақстанды бүкіл әлем таниды десек қате айтқанымыз емес. Аз уақытта бойын тіктеп, басқа шет елдерге үлгі бола білген еліміздің 30 жылдығы, 30 жасы құтты болсын қазақ елі! Қазақтығымыз бітпесін, азат күніміз бітпесін! Қазақ тіліміздің тұғыры берік боп, елдігіміз жандана берсін! 30 жылдығың 100 жылдыққа ұласып, шаттығың мен бақытың ортаймасын! Қазақ елі жасай берсін! Қазақстан жасай берсін!
Гимназия қабырғасында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!" тақырыбында 8-11 сынып білім алушылары арасында шығарма байқауы өткізілді. Байқауға қатысушы білім алушыларымыз алғыс хаттармен марапатталды.
Жауапты:Рахматуллаева Г.М.
Жексембиева Ж.Т.
Инкарбаева Ж.Е.





