15
желтоқсан
2021
Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл.
Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас. Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда, бар әлемнің назары біздің елімізде. Қазақстанды бүкіл әлем таниды десек қате айтқанымыз емес. Аз уақытта бойын тіктеп, басқа шет елдерге үлгі бола білген еліміздің 30 жылдығы, 30 жасы құтты болсын қазақ елі! Қазақтығымыз бітпесін, азат күніміз бітпесін! Қазақ тіліміздің тұғыры берік боп, елдігіміз жандана берсін! 30 жылдығың 100 жылдыққа ұласып, шаттығың мен бақытың ортаймасын! Қазақ елі жасай берсін! Қазақстан жасай берсін!
Гимназия қабырғасында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Ең басты құндылығымыз Тәуелсіздік Қазақстан!" тақырыбында білім алушылары арасында сурет конкурсы өткізілді. Байқауға қатысушы білім алушыларымыз алғыс хаттармен марапатталды.

