15
қыркүйек
2020
"ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА"
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 11 қыркүйек күні гимназиямыздың Ұланбасы Крокошева Анастасия «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумына қатысып, республикалық форумға жолдама алды. Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында өткен форумда оқушылар 6 номинация бойынша жұмыс істеді. "ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА" номинациясы бойынша қорғап шыққан Крокошева Анастасия жобаның барынша маңыздылығын айқындай білді.
Жеңімпаздар ағымдағы жылдың 14-16 қыркүйек аралығында қашықтан өтетін республикалық форумға қатысады. Біздің мақтанышымыз Анастасияға толағай жеңістер тілейміз! Сәттілік серігің болғай!!!





Жеңімпаздар ағымдағы жылдың 14-16 қыркүйек аралығында қашықтан өтетін республикалық форумға қатысады. Біздің мақтанышымыз Анастасияға толағай жеңістер тілейміз! Сәттілік серігің болғай!!!





