Бүгін жазғы мектептің күнтізбелік жоспарына сәйкес 8 «В» сыныбында
Бүгін жазғы мектептің күнтізбелік жоспарына сәйкес 8 «В» сыныбында «Достық пен татулық – таптырмас бақыт» тақырыбында сабақ өтті. Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасай отырып, бір-бірімен пікір алмасып, идеяларын ортаға салды. Балалар достық пен татулық туралы өз пікірлерін еркін білдірді, достық туралы мақал-мәтелдер айтып, олардың орыс тіліндегі баламасын тауып жарысты. Достық туралы ассоциативтік қатар құрып, логикалық-құрылымды сызба жасады. Жаңа лексиканы меңгерту мақсатында «Бинго» ойыны