«Кәмелетке толмағандар арасында буллинг және кибербуллингтің алдын
Мектебімізде 9–11 сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандар арасында буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында оқушылар буллингтің түрлері, оның зияны және алдын алу жолдары туралы өзара пікір алмасты. Қатысушылар қауіпсіз орта қалыптастыру – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз екенін атап өтті. Бірге – қауіпсіз мектеп үшін!