01
сентябрь
2020
1 сентябрь "Білім күні"
Пушкин атындағы #41 гимназиясында 1 сентябрь "Білім күні" мерекесіне орай ұйымдастырылған кезекші сыныбында салтанатты сынып сағаты өтілді. Сынып сағатын тамашалауға гимназия директоры Туребекова Жамиля Мавлетқызы және гимназия қонағы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жүнісбеков Бақытжан Маратұлы қатысып, гимназия табалдырығын жаңадан аттаған 1ші сынып оқушыларына сәттілік тіледі. Кезекші сынып оқушыларымен "Достық. Отаншылдық. Тәрбие" атты сынып сағаты жоғары деңгейде өткізіле отырып, сынып сағаты барысында Бақытжан Маратұлы оқушылармен сұхбаттаса отырып, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар гимназия ғимаратын тамашалап, ізгі тілегін білдірді.