«Қиын оқушымен жұмыс» тақырыбындағы тренинг
Мектеп педагогтеріне арналған «Қиын оқушымен жұмыс» тақырыбындағы тренинг өткізілді. Тренинг барысында мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату, мотивация беру, жанжал жағдайларын басқару және психологиялық қолдау көрсету әдістері қарастырылды. Шараға мектеп психологтары, білім бөлімінің әдіскерлері және «Педагогтарға көмек» ҮЕҰ мамандары қатысты.