01
наурыз
2022
Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған “Есіңе мені алғайсың” атты кеш өтті.
23 ақпан күні Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған “Есіңе мені алғайсың” атты кеш өтті. Кеш қонағы ата-аналар комитетінің төрайымы - Улекова Жанар Шынгазиевна. Бастауыш сынып оқушылары арасында ақынның өлеңдерін жатқа оқудан жарыс болып, 20 оқушы додаға түсті. Топ ішінен жарып шығып, 2Д сынып оқушысы Алябышева Анастасия Бас жүлдені иеленді. Барлық қатысушылар мектеп директоры - Туребекова Жамиля Маулетқызының қолынан грамоталарға және сыйлықтарға ие болды.
Жауапты:Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Даурен Б., Бисекеева А.Е. және "Гимназия тынысы" үйірмесінің жетекшісі Бақыт А.
