17
наурыз
2021
Асық ату ұлттық ойын
Асық ату ұлттық ойын
Асық ату — ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді.
Наурыз мейрамы қарсаңында "Асық ату" үйірмесі "Ұлы ойын -ұлт игілігі" атты турнир өткізілді. Турнир барысында асық иірудің әртүрлі тәсіллерінен мастер класс көрсетіліп, асық ату ойындары ойнатылды.
Үйірме жетекшісі: Анатаев А.Ш.
@goroo.taraz