30
қыркүйек
2020
Парасатты отбасы
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.«Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады.
Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!
Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!
А.Пушкин атындағы көпсалалы гимназиясының 6"А"сынып оқушысы Ахмеджанов Азиз. Сынып жетекшісі: Аманкулова Н.Т. "Парасатты отбасы"байқауына Ахмеджановтар жанұясының дайындаған видеоролигі.# Парасаттыотбасы#Жамбыладалдықалаңы#Тараз2020#Бізбіргеміз#отбасықұңдылықтары#