31
қаңтар
2022
Ата - аналар назарына!
Ата - аналар назарына!
Тараз қаласының білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының 3-тоқсанында оқу - тәрбие процесінің ұйымдастырылуының ерекшеліктері туралы төмендегіні хабарлайды:
1.Қашықтықтан оқыту форматына білім алушылар саны 600-ден асатын барлық қалалық мектептері ауыстырылады. Бұл ретте 600 - ден астам оқушы оқитын қала мектептерінің әкімшіліктеріне 1-2 - сыныптарында штаттық форматта оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі.
2. Білім алушылар саны 600 оқушыға дейінгі қалалық мектептері штаттық форматта жұмысын жалғатыра береді. Оқытуды штаттық форматта ұйымдастыру кезінде "бір кабинет - бір сынып" қағидаты сақталады.
3. Меткептен тыс ұйымдарда штаттық режимде оқытуға жеке сабақтар кезінде топтық - 10 адамға дейін, кемтар балаларға/ересектерге арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарда) 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтар өткізуге жол беріледі.
4. Барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдардық қызметі штаттық режимде жалғасады.
Негіздеме: ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 15.01.2022 жылғы №18-2/62 хаты