Ақпарат » Коммунальное государственное учреждение "Гимназия №41 имени А.С. Пушкина" отдела образования города Тараз Жамбылской области
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"А.С.Пушкина атыдағы №41 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(7262) 54-07-33
Қабылдау бөлімі
+7(7262) 54-07-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Менің құқықтық сауаттылығым» танымдық викторина
26
мамыр
2025
«Менің құқықтық сауаттылығым» танымдық викторина
«Менің құқықтық сауаттылығым» тақырыбында танымдық викторина ұйымдастырылды. Іс-шара оқушылардың құқықтық білімін арттыру, заңдарды білуге деген қызығушылығын дамыту мақсатында өтті. Викторинада Қазақстан Республикасының Конституциясы, бала құқықтары, құқықтық жауапкершілік туралы сұрақтар қамтылды. Шараға тарих және құқық пәні мұғалімдері, мектеп әкімшілігі және «Құқықтық мәдениет» ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын ұйымдастыру.
26
мамыр
2025
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың
Сынып жетекшілер бірлестігінің отырысында құқықтық тәрбие жұмысының өзекті мәселелері талқыланды. Жиында құқық бұзушылықтың алдын алу, тәуекел тобындағы оқушылармен жұмыс, ата-аналармен байланыс орнату, құқықтық сауаттылықты арттыру жолдары қарастырылды. Шараға мектеп әкімшілігі, психолог, әлеуметтік педагог және білім бөлімінің әдіскері қатысты.
Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
23
мамыр
2025
Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
«Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға құқықтық нормалар, қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді. Іс-шараға мектеп инспекторы, ювеналды полиция қызметкері және «Құқықтық мәдениет» ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Психологиялық тренинг: «Жасөспіріммен қарым-қатынас»
23
мамыр
2025
Психологиялық тренинг: «Жасөспіріммен қарым-қатынас»
Ата-аналар мен педагогтерге арналған «Жасөспіріммен қарым-қатынас» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында жасөспірімдердің жас ерекшеліктері, эмоциялық жағдайын түсіну, тиімді коммуникация орнату, жанжалсыз диалог жүргізу тәсілдері қарастырылды. Тренингті психологтар Хлесткина Е. В. мен Карикова А. В. жүргізді.
«Балаңыз кіммен дос?»
22
мамыр
2025
«Балаңыз кіммен дос?»
«Балаңыз кіммен дос?» тақырыбында ата-аналарға арналған түсіндіру сағаты өткізілді. Жиында жасөспірімдердің достық қарым-қатынасы, әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіне әсері, тәуекел топтарының белгілері талқыланды. Ата-аналарға бала тәрбиесінде назар аударатын маңызды жайттар түсіндірілді. Шараға мектеп психологы, ювеналды полиция қызметкері және «Қауіпсіз орта» ҮЕҰ өкілдері қатысты.
«Лудомания-қоғам дерті» әңгіме-дәріс
22
мамыр
2025
«Лудомания-қоғам дерті» әңгіме-дәріс
Лудоманияның қоғамға тигізетін теріс әсерлері туралы әңгіме-дәріс өткізілді. Оқушыларға тәуелділіктің алдын алу және психологиялық қолдау шаралары түсіндірілді. Мектеп психологы және «Денсаулық» қоғамдық ұйымының өкілдері қатысты.
«Қиын оқушымен жұмыс» тақырыбындағы тренинг
21
мамыр
2025
«Қиын оқушымен жұмыс» тақырыбындағы тренинг
Мектеп педагогтеріне арналған «Қиын оқушымен жұмыс» тақырыбындағы тренинг өткізілді. Тренинг барысында мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату, мотивация беру, жанжал жағдайларын басқару және психологиялық қолдау көрсету әдістері қарастырылды. Шараға мектеп психологтары, білім бөлімінің әдіскерлері және «Педагогтарға көмек» ҮЕҰ мамандары қатысты.
«Ақша – мақсат па, құрал ма?» диспут
20
мамыр
2025
«Ақша – мақсат па, құрал ма?» диспут
«Ақша – мақсат па, құрал ма?» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында диспут ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар материалдық құндылықтар мен рухани байлықтың арақатынасы, қаржының адам өміріндегі орны, сондай-ақ қаржылық сауаттылық мәселелерін жан-жақты талқылады.
«Жаза емес, тәрбие-басты құрал» тақырыбында пікірсайыс
19
мамыр
2025
«Жаза емес, тәрбие-басты құрал» тақырыбында пікірсайыс
«Жаза емес, тәрбие – басты құрал» тақырыбында мұғалімдер   арасында пікірсайыс өткізілді. Іс-шара барысында тәртіп бұзушылықтың алдын алуда жазалаудың орнына тәрбиелік тәсілдердің маңыздылығы, қоғамдағы оң мінез-құлық қалыптастыру жолдары талқыланды. Пікірсайысқа мектеп парламенті мүшелері, пән мұғалімдері, ювеналды полиция қызметкері.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу: ағартушылық пен диалогтың маңызы.
16
мамыр
2025
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу: ағартушылық пен диалогтың
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу: ағартушылық пен диалогтың маңызы. А. С. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған дәріс өтті. Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Д. А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өкілдері және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Жақсылықов Б.Р. қатысты.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 31 Вперед