«Вандализмге жол жоқ!» — мектеп парламентінің акциясы
«Вандализмге жол жоқ!» — мектеп парламентінің акциясы Мектеп парламенті 5–11-сынып оқушылары арасында вандализмнің алдын алу мақсатында агитбригада жұмысын ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушыларға тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды сақтау, сондай-ақ қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау қажеттілігі түсіндірілді. Парламент мүшелері вандализм үшін заң бойынша жауапкершілік туралы айтып, әрбір оқушыны өз қаласының мәдени мұрасын қорғауға шақырды. #ВандализмгеЖолЖоқ #МектепПарламенті