Денсаулық – басты байлық!
Денсаулық – басты байлық! №41 гимназияда 6–8-сынып қыз балаларымен «Репродуктивті денсаулық дегеніміз не?» тақырыбында әңгіме-дәріс өткізілді. Іс-шара барысында мамандар денсаулықты сақтау мәдениеті, есірткі заттарының зияны, сондай-ақ жеке жауапкершілік пен өзін-өзі қорғау дағдыларының маңызы туралы түсіндірді. Оқушылар бейнеролик көріп, пікір алмасты, салауатты өмір салтының құндылығын талқылады. #СалауаттыӨмірСалты #ДенсаулықБастыБайлық #ЕсірткігеЖолЖоқ #№41Гимназия